Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде алғаш рет күйзелістен арылу бөлмесі ашылды (видео)

Қазіргі заманда адамдардың көп бөлігі күйзелісті бастан өткереді. Қазақстанда алғаш рет ашу-ызадан арылып, күйзеліспен күресуге арналған бөлме ашылды. Онда айналадағы барлық заттарды лақтырып, сындыруға болады. Сондай-ақ, манекеннің бетіне кез келген адам өзінің бастығының суретін жабыстырып, қалауынша соққыға жыға алады.

759384

Жергілікті колледж түлектері Андрей мен Әлижан Астана қаласына осындай бөлме ауадай қажет деп ойлаған. Реквизит ретінде мұнда ескі жиҺаздар, жөндеуге келмейтін кеңселік жабдықтар қолданылады. Қала тұрғындары өздеріне керексіз болып қалған заттарды әрекетшіл жігіттерге әкеліп береді. Әрбір адам келіп кеткен сайын бөлмедегі құрал-жабдықтар ауыстырылады, деп хабарлады Sputnik.

«Ресейде, Америкада, сондай-ақ, Еуропа мемлекеттерінде бұл күйзелістен арылудың танымал жолы. Біздің елімізде адамдар үнемі күйзелісте жүрсе де, ондай бөлме болған жоқ. Біз сәйкес келетіндей ғимарат іздеп, әзірге осы жерге тоқтадық. Жұмысты бастағанымызға небәрі бір ай болса да, осы уақыт ішінде бірнеше рет келген адамдар болды. Олардың айтуларынша, бұл әдіс оларға расымен де көмектеседі», – дейді AngryRooms иелерінің бірі Андрей Соколовский.

Айтуынша, елімізде жүйкесі тозған, депрессияға шалдыққан адамдар көп болғандықтан да бұл кәсіп табыс алып келеді екен. Кейбір адамдар көңіл көтеру мақсатында мұнда достарын ертіп келетін көрінеді. Көбінесе ашу-ызадан арылу бөлмесіне әйелдер қауымы келеді. Айта кетерлігі, аталмыш бөлме иелерімен кейбір психологтар бірігіп жұмыс істейді. Терапия барысында олар өз емделушілерін осында жіберіп тұрады.

Талқылау