AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %

Елімізде алдағы үш күнде ауа температурасы 44 градусқа дейін ысиды

Қазақстанда 22-24 шілде аралығында күн жылынады, кей жерде ауа температурасы 44 градусқа дейін жетеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазгидромет ақпаратына сәйкес, оңтүстік және солтүстік облыстардан бөлек аймақтарда ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, 23 шілдеде шығыста, 23-24 шілдеде батыста найзағай ойнайды, екпінді жел тұрып, бұршақ, дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл болады.

Солтүстікте және орталықта күндіз ауа температурасы 30-38°C жылы, оңтүстікте 37-44°C-қа дейін, оңтүстік-шығыста 33-42°C-қа дейін көтеріледі.

Тек еліміздің батысында 33-41°C жылудан 25-33°C жылуға дейін біртіндеп төмендеу байқалады.

Алматыда 22 шілдеде күн ашық, күндіз ауа температурасы +31°C, түнде +25°C. 23 шілдеде күн құбылмалы, аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +34°C жылы болады, түнде +21°C-ты көрсетеді. 24 шілдеде күн ашық, +36°C жылы болады. Түнде ауа температурасы +22°C көрсетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында 22 шілдеде күн ашық, күндіз 28°C жылы, түнде +15°C жылыны көрсетеді. 23 шілдеде күн ашық, күндіз +29°C, түнде +16°C жылы болады. 24 шілдеде күн ашық, күндіз +32°C, түнде +17°C жылы болады.

Шымкентте алдағы үш күнде күн ашық болады. 22 шілдеде күндіз +35°C, түнде +21°C болады. Желдің жылдамдығы – 10 м/с. 23 шілдеде күндіз +38°C, түнде +21°C. 24 шілдеде +40°C ыстық болады, түнде ауа температурасы +23°C-ты көрсетеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр