Елімізде алаяқтар ауру адамдар туралы жалған ақпарат таратып, ақша жинап жүр

Денсаулығында кінәраты жоқ адамға ақша жинап, жалпақ жұртқа жалған ақпарат тарататындар көбейді. Сау адамды сыртқат деп, интернет арқылы ақша жинайтындардың жымысқы әрекетін аңғармай, алданып жататындар да аз емес.

Мейірімділікті майшелпекке айналдырып, қайырымдылықты қара басының қажетіне жаратқан кімдер? Мұндай алаяқтардан қалай сақтануға болады? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

“Екі баланың анасына шұғыл түрде бүйрегін ауыстыру керек!”. Өз атынан дәл осындай хабарлама беріліп, есеп-шот ашылғанын көрген келіншек бастапқыда өз көзіне өзі сенбеген. Аяқ-қолы сау Александра Антипова алаяқтың құрбаны болғанын кеш түсініпті.

“Танысым менің атымнан Инстаграм желісінде парақша ашылып, ақша жиналып жатқанын айтты. Аккаунтта менің ауыр сыртқат екенім, өмірімнің санаулы күндері қалғаны жазылыпты. Пікірлерде менің комада екені көрсетіліпті. Құдайға шүкір, денім сау, ешқандай сыртқатым жоқ!” – дейді зардап шегуші Александра Антипова.

Дүкендер мен қоғамдық орындардағы көмек қораптарына жиналған қаражаттың да қайда кетіп жатқанын тексеріп жатқан ешкім жоқ. Еріктілердің бастамасымен қойылған мына бокстағы барлық ақша сыртқаты асқынған сәбидің еміне жұмсалады-мыс.

Ерікті Рамиль Серданинов ер баланың расымен сыртқат және оған шұғыл көмек қажет екенін айтады. Жасөспірім әр күні сабақтан кейін үш сағат көшеде тұрып, қаражат жинаумен айналысады. Оқушының айтуынша, садақа салатындар саны аз, бірақ жоқтан жақсы.

“Тұрғындардың көбі, “бұл ақша ешқандай ем-домға жұмсалмайды, сен ақшаны қалтаңа басасың” деп сөзбен түйреп кетеді. Кейбіреуі маған имандай сеніп, тиын-тебен ұсынып жатады. Адамдар әртүрлі” – дейді ерікті Рамиль Серданинов.

Мұндай көмек түріне күмәнданатындардың көптігіне себеп те жоқ емес. Соңғы кездері интернетте алаяқтар жалған ақпарат таратып, ақша жинау деректері жиілеген. Бірақ, көмекке мұқтаж жандардың да жоқ емес. Мәселен, Асылжан атты баланың операциясына ақша жинап жатқан өскемендіктердің игі ісі оң септігін тигізіп жатқаны рас. Оған өзіміз де көз жеткіздік.

“Міне біздің Асылжан. Екі көзіне ота жасалды. Бір көзі толық емделді, енді екінші жанарына 4-рет операция жасалады. Отаға 1 миллион теңгеге жуық қаражат қажет. Бізге қол ұшын созып жатқан жандарға мың алғыс!” – дейді Асылжанның анасы Гүлнәз Маханова.

Алаяқтар төңірегіндегі түрлі қауесет қалың көпшіліктің көңіліне күдік ұялатпағанда, Асылжанның ем-домына қажетті қаражат жиналып бітер ме еді, кім білсін?! Алаяқтардың арбауына түсіп, аузы күйген қоғам белсендісі Индира Кәкімова мұндай қитұрқылықтан қалай сақтануға болатынын айтты.

“Көмекке зәру адамның туысы немесе өзін тауып алып, ақшаны қолына беру керек. Сауабы мол іске мұрындық болу әрине жақсы, бірақ мейірімділікті майшелпекке айналдырғандардың да барын ұмытпау керек” – дейді қоғам белсендісі Индира Кәкімова.

Александра Антипова алаяқтардың әрекетіне атүсті қарамай, полицияға арыз жазған. Келіншек істі сотқа дейін жеткізіп, қайырымдылықты қара басының қажетіне жаратқандарды заңмен жазаламақ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

40 мың доллар қажет: Алматы облысында әйел ұлына көмектесуді сұрады

Дәл қазір жеткіншек Беларусь елінде емделіп жатыр

Ресейде полицейлер 22 жастағы қызды көлікте зорлап тастады: Жәбірленуші Қазақстан азаматы

Оқиға 18 тамыз күні түнде болған

Белсенді Ғалы Бақтыбаевтың өлімі: күдікті ретінде полицей ұсталды

Ұсталғандар кісі өлімі жеке келіспеушілік салдарынан болғанын мойындап, түсініктеме берді

Семейде қоғамдық екі әжетхана құны 18 млн теңгеге бағаланды

Оларды қолдану ақылы болады, алайда бағасы әзірге белгісіз

"Не жүре алмай, не сөйлей алмай қалдық": Қарағандыда 13 адам донер жеп уланды

Зиян шеккендердің арасында 10 жасар бала да бар

Атырау театрында өрттің неден шыққаны белгілі болды

Қазір театр аумағы қоршауға алынған

Үш мың грант ақылы оқуға түскендер арасында үлестіріледі — БҒМ

Грант иегерлері тізімі бір аптадан кейін жарияланатын болады

Зорлаған адамнан жүкті болған: Баласы түсіп қалғаны үшін 40 жылға соттала жаздаған бойжеткен ақталып шықты

Сальвадор елінде қандай жағдай болсын, түсік жасатуға тыйым салынады

Батыс Қазақстанда ауылдастар бір-бірінің үйіне кіріп тамақ ұрлаған

Күдікті ретінде үш жасөспірім ұсталды

Адал ит қожайыны көз жұмған соң, 15 минуттан кейін өлді

Ер адам 8 жыл бойы ми рагымен күрескен