Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде "9-20-25" ипотекалық бағдарламасы пайда бола ма – "Отбасы банк" жауап берді

Желіде Қазақстанда "9-20-25" бағдарламасы пайда болды деген ақпарат тарады. Осыған байланысты "Бәйтерек" және "Отбасы банк" холдингі түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

пәтер жалдау

dauletten Instagram-да парақшасында "9-20-25" бағдарламасы іске қосылады деген ақпарат пайда болған.

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі “Отбасы банкімен” бірге жақын арада "9-20-25" бағдарламасын іске қосады:

  • 9 пайыздық жылдық жәрдемақы;
  • 20 пайыздық бастапқы жарна;
  • 25 жылға дейін ипотека алуға болады", – делінген хабарламада.

“Бәйтерек” пен “Отбасы банк” бұған жауап берді. Бірі жоққа шығарса, екіншісі қарастырылып жатқанын айтты.

"Бәйтерек" бұл ақпаратты растамайды", – деді холдингтің баспасөз қызметі.

"9-20-25" бағдарламасы – тұрғын үй бағдарламасының пайда болуы мүмкін жаңа нұсқасы. Бұл жоба әзірленуде. Банк сарапшылары тиісті есептеулер жүргізеді, шарттарды талдайды. Егер жоба бекітілсе, Отбасы банк қазақстандықтарды қосымша хабардар етеді және толығырақ ақпарат береді", – деп атап өтті банк.

Талқылау