Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде 5G технологиясы құрылғыларда да қолжетімді бола бастады

Tele2/Altel 5G базалық станцияларын белсенді түрде салып, жаңа технологияны қолжетімді етуде. Енді абоненттер жаңа мүмкіндіктерді қолжетімді құрылғыларда қолданып көре алады.

Соңғы аптада Tele2/Altel компаниясы 39 5G станциясын салды. Осылайша олардың жалпы саны 300-ге жақындады. Байланыс аймақтары орналасқан он қаланың қатарына енді Өскемен мен Тараз қосылды. Сонымен қатар "Қазақтелеком" компаниялар тобына кіретін Tele2/Altel операторының екі жүз мыңнан астам абоненті 5G желісін сынақтан өткізіп те үлгерді.

Біртіндеп 5G желісіне көшу қазақстандықтар үшін трафикті тұтынуды арттыруға, әрқашан байланыста болуға, сондай-ақ қолданыстағы желілерге жүктемені азайтуға керемет мүмкіндік. Осылайша біздегі тұтынушыларда әлемдік желіге қолжетімділіктің қажетті көлемі қамтамасыз етіледі. Айта кетейік, осы тұста әлемдік трафикті тұтыну орташа есеппен12 ГБ құраса,  Қазақстанда ол қазірдің өзінде 17,5 ГБ-тан асты. Бұл ретте мемлекет пен байланыс операторларының бірлескен бастамаларының арқасында табиғи өсім әлі де жалғаспақ.

Tele2/Altel-дің негізгі басымдығы 5G технологиясын әрбір абонент үшін мүмкіндігінше қолжетімді ету. Атап айтқанда қазақстандықтарға қашықтан жұмыс істеуге, оқуға, электронды үкімет қызметтері мен әлем бойынша оңай сауда жасауға көмектесетін онлайн-банкинг сияқты базалық шешімдердің негізін дайындауды мақсат еткен.

Сондықтан оператор желіні еліміздің қалаларында белсенді түрде орнатып қана қоймай, өз абоненттеріне 5G қолдайтын смартфондарды қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігін беруде.

Қазірдің өзінде сіз мына жерден алдын ала тапсырыс беріп, алғашқылардың бірі болып бесінші буын байланысының артықшылықтарын сынап көре аласыз.