Елімізде 39 жасқа дейінгі адамдар жастар қатарына енуі мүмкін
Сенат депутаты Дархан Қалетаев 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында баспана алуға үмітті отбасылар үшін жас аралығын ұлғайтуды ұсынды.
Фото: Владимир Федеренко
Өз үйім – өлең төсегім: Қазақстан құрылыс секторына баса назар аударады Қалетаев бейсенбі күні сенаттың жалпы отырысында сөйлеген сөзінде ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың атына осындай сауал салды, деп хабарлайды Sputnik.
Депутат еске сала кеткендей, 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасына сәйкес, бірнеше бағыттар бойынша қол жетімді баспана салу қарастырылады. “Алайда баспана алуға үмітті отбасылар үшін жас шектеуі бар”, — деп атап өтті Қалетаев. Мәселен, бір санат бойынша, ерлі-зайыптылар үш жыл отасқан, бір балалы және 35 жасқа толмаған болуы тиіс. Екінші бір санат бойынша, жас отбасының некелескеніне екі жылдан аспауы керек және ерлі-зайыптылардың жасы 29-дан аспауы шарт.
Сенатордың айтуынша, қазіргі таңда баспана мәселесі жастар арасында өте өзекті болып отыр. Сол себепті некелесу жасы да алға жылжыды. Қалетаев мәлімдегендей, мұндай жағдайда отбасылар үшін жас талаптарын өзгерту қажет.
“Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, бір санат бойынша жас аралығын 35-тен 39 жасқа дейін ұлғайтуды, ал “жас отбасы” санаты бойынша 29 жастан 35 жасқа дейін белгілеуді қарастыруыңызды сұраймын”, — деді Қалетаев премьер-министрге.
Жіберіп алмаңыз:
Жамбыл облысының жерін Қарағанды облысына беру ұсынылды
Спикер Серік Сәпиевке мәжілісті рингпен шатастырмау керектігін ескертті
Астанада қылмыстық топ басшысының әйелі күйеуіне түрмеге оқ әкелген