Елімізде 3 жылдан кейін SOS батырмасы жоқ көліктер тіркеуге алынбайды
Фото: Видеодан скрин
2028 жылдан бастап SOS батырмасы жоқ көліктер тіркеуге алынбайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, бұл тәртіп кедендік одақтың техникалық регламентіне сәйкес енгізілмек. Ереже Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағында қолданылады. Мысалы, Ресей мен Қырғызстаннан сатып алынған көліктерде шекарадан өтпей тұрып төтенше жағдайда жедел қызметтерге хабар беретін жүйе болуы шарт. Егер SOS батырмасы орнатылмаса, көлікті Қазақстанда қолдануға рұқсат жоқ. Сатқан кезде де қазақстандықтар бұл тәртіпті ескеруі қажет. Ал ел ішінде жүрген жүргізушілерге SOS батырмасы міндеттелмейді екен.
"Отандастар егер көлікті Кеден одағы мемлекеттерінен алып келсе құжаты бар, жоғын біліп алуы керек. Көлік құралы техникалық регламентке сай ма, сай емес пе анықтап алған жөн. Егер олар көлікті әкеліп, мұнда тіркеуге қоя алмаса, оны қайтадан апару керек. Оның бәрі шығын. Оның үстіне қайта экспорт жасаудың өзі үлкен мәселе", – деді Qazautostandart автомобиль сарапшылары мен аудиторлар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Ербол Сейпилов
ТЭЦ-тің газға ауысуы Алматыдағы лас ауа проблемасын шеше ала ма: Сарапшылар мегаполистегі қалың тұмша неден түзілетінін талдап берді