Елімізде 12 жастан асқан балалар әлеуметтік нысандарға Ashyq жүйесімен кіргізілетін болды
ҚР Бас санитар дәрігері 12 жастан асқан балаларға Ashyq қосымшасын пайдалануға рұқсат етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы 12 жастан асқан балалардың компьютер клубтары, цирк, кинотеатр, балалардың сауықтыру орталығы, облысаралық және қала аралық туристік тасымалдарға Ashyq қосымшасы арқылы ерікті түрде тіркеле отырып кіруін қамтамасыз етсін", – делінген бас санитардың қаулысында.
Бұған қоса, аталмыш санатқа Ashyq қосымшасынан бөлек EGOV mobile, Аitu платформасындағы баламаны, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz қосымшалары арқылы ashyq.kz сайтына ерікті түрде тіркелуге болатыны айтылған.
Еске салайық, бұған дейін бас мемлекеттік санитардың қаулысымен еліміздегі карантин шаралары жеңілдегені айтылған еді. Жаңа ережеге сәйкес Ashyq жүйесінің қатысушыларына демалыс күндері сағат 00:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
