Елімізде 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы вакциналау жүргізіледі
Елімізде 1 қазанынан бастап тұмауға қарсы вакциналау жүргізіледі. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Нұрқан Сәдуақасов эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаулыда мына бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілетіні айтылған:
- 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы екпе егу;
- Медициналық ұйымдарда кіре берісте маскаларды қолдануды және антисептиктердің болуын қамтамасыз ету;
- Жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау белгілері бар жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балаларды үйге шақыру бойынша қызмет ету;
- Мектепке дейінгі ұйымдарда күнделікті таңертеңгі тексеріс өткізу, ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды анықтау.
- Орта білім беру ұйымдарында: бір инкубациялық кезең ішінде бір сыныпта 20-дан 30%-ға дейінгі оқушылар арасында ЖРВИ ауруын тіркеген кезде аудиториялық оқыту жүйесін жою ұсынылады. Сыныпта науқастардың 30%-дан астамы болса, оқушылар онлайн оқытуға көшеді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн