Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміз шетелден жаппай қару-жарақ пен әскери техника сатып алып жатыр

Еліміздің қорғаныс министрлігі шет елдерден жаппай қару-жарақ пен соңғы үлгідегі әскери техникалар сатып алып жатыр. Оның ішінде отандық тауарлар да бар екен. Одан бөлек, ел тарихында алғаш рет қарулы күштер қатарына пилотсыз басқарылатын аппараттар да алынған. Бүгінде аталған қондырғылар саны онға жетіпті.

«Әдейі өртеуі мүмкін»: Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылыстар туралы

Сондай-ақ, министр Нұрлан Ермекбаев еліміздің әскерінде "әлімжеттік" жоқ деп мәлімдеді. Ал, қоластындағы генералдардың жемқорлық фактісі жайлы не айтты? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеп хабарлайды.

Еліміздің қарулы күштері заманауи әскери қару-жарақтармен толығып жатыр. Мәселен, жыл басынан бері қорғаныс министрлігі 400-ге жуық су жаңа техника сатып алыпты. Оның ішінде Украинада "Боинг" әуе көлігін атып құлатқан "Бук" зенитті-ракеталы қондырғысы да бар көрінеді.    

"Биыл қарулы күштер құрамы жаңа 370 әскери техникамен толықты. Қолданыста болған 200-ден аса техника күрделі жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар, қарулы күштер қару-жарағына алғаш рет "Бук" зенитті-ракеталы кешен алынды. Еліміздің әуе кеңістігін "Раса" радиолокациялық қондырғысы күзетеді. Ол да қорғанысты қамтамасыз ету үшін маңызды кешен болып саналады", - деді қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев.

Одан бөлек, пандемияның өршіп тұрған уақытында Қорғаныс министрлігі бітімгерлік тобын соғыс ошақтарына жіберуге дайындап жатыр екен. Мәселен, БҰҰ өтінішімен сұранысқа ие мамандар оқу-жаттығудан өтіп, Африка елдеріне арнайы операцияға аттануы мүмкін. Ал, мамандардың айлығын, жүріп-тұруына кететін қаржыны БҰҰ төлейтін көрінеді.

"Біздің бітімгерлік топ 2007 жылдан бері түрлі шараларға қатысып келеді. Бірақ, бұған дейін тек бақылаушы ретінде барып жүрген. Қазір, 4-ші топ Ливанда жүр. Одан бөлек, 4 әскери қызметкеріміз Батыс Сахара елінде бітімгерлікке жіберілген. БҰҰ талабына сәйкес қазір ең қажетті деген мамандарды дайындау үстіндеміз. Ол инженер-саперлар, әскери полиция, әскери-медициналық бөлініс кадрлары. Алдағы уақытта аталған қызметкерлер қайда жіберілетіні белгілі болады", - деді Ермекбаев.

Ал мерзімді әскери қызметкерлердің арасында жүздеген сарбаз коронавирус жұқтырған. Олардың 80% астамы вирустың симптомсыз түрі, қалған 20%-да ауру белгілері бар. Бірақ, барлығы жазылып шығыпты. Жігіттер әскерге шақырылмас бұрын жиын пунктінде ПТР тест тапсырады екен. Одан бөлек, әскери бөлімге келген бетте 14 күнге карантинге жатқызылады. Тек осы процесстен кейін ғана өз қызметтеріне кіріседі.

"Коронавирус біздің де қарулы күштер қатарын айналып өтпеді. Себебі, әскери азаматтар да қоғамның бір бөлігі. Пандемия басталғалы 2 мыңнан астам әскери қызметкер вирус жұқтырды. Оның жүзге жуығы әлі ем қабылдап жатыр. 10 әскери қызметкер аурудың құрбаны болды", - деді министр.

Ал қоластындағы генералдар парамен ұсталып жатқан оқиға жөнінде министр жақ ашпады. Тек, бұл сұраққа жазбаша жауап беремін деп қысқа қайырды.   

Еске сала кетейік, биылғы жылдың қаңтарында қорғаныс министрлігіне қарасты кадр және әскери білім департаментінің бұрынғы басшысы генерал-майор Қайрат Көпбаев 200 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен қамауға алынған еді. Оның ізін ала Батыс Қазақстан облыстық қорғаныс департаментінің қызметкері де қолға түсті. Біріншісі өзіне тағылған айыпты мойындады. Таяуда Ақмола гарнизондық соты бұрынғы генералды 5 жылға соттап, "Құрмет" ордені мен әскери шенінен айыру жөнінде президентке ұсыныс тастаған болатын.  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр