"Елге көмек" қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сариевке қатысты тергеу басталды
Фото: qazaq_robin_hood instagram парақшасынан алынды
2025 жылдың сәуір айында "Елге көмек" қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сариевке қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Курсив” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Сариевтің ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Қазіргі уақытта 30-дан астам адам жәбірленуші ретінде танылған. Сариев қазір қамауда отыр.
Заңгер Нұрсұлтан Орынбеков "Елге көмек" қайырымдылық қорының басшысының әрекетінен зардап шеккен төрт отбасының оқиғасын баяндады.
Жағдай 2024 жылы болған. Заңгердің айтуынша, Ілияс Сариев отбасылармен жеке өзі кездесіп, ем-домға ақша жинауға көмектескен.
"Кей адамдар Instagram-да ауыр науқас туыстары туралы жазып, көмек сұрайды. Мұндай жандарды қайырымдылық қорының өкілдері іздеп табады", – деп түсіндіреді Орынбеков.
Бір әйелдің әкесі онкологиялық аурумен ауырған. "Елге көмек" қоры көмек ұсынған және қаражат жинауды бастаған. Заңгердің айтуынша, шамамен 14 миллион теңге жиналған, бірақ бұл отбасы ол қаражатты мүлде алмаған. 2024 жылдың қыркүйегінде әйелдің әкесі қайтыс болған.
Оралдық кішкентай Іңжу да ем алуы керек болған. Қор 27 миллион теңге көлемінде қаражат жинау бастамасын жариялаған. Орынбековтың айтуынша, Сариев тіпті жеке автокөлігін сатуға уәде берген. Алайда қыздың анасы ешқандай көмек алмағанын айтады. Іңжу 2024 жылдың 7 тамызында көз жұмған.
"Адамдарға қаражат жиналып, қыз ем қабылдап жатыр деп айтылған. Анығында мұның бәрі жалған болып шықты", – дейді заңгер.
Перизат Қайраттың ісінде Asarume қайырымдылық қоры жәбірленуші деп танылды
Қазақстанда ерекше балалардың ата-аналары қайырымдылық қорының иесін алаяқтық жасады деп айыптады
2024 жылдың қараша айында ауыр диагнозы қойылған екі жасар қыз балаға 1,7 миллион теңге жиналған. Алайда анасының айтуынша, қызының емін өз қаражатына жүргізіп жатыр. Тағы бір жағдайда көру қабілеті нашар балаға ота жасау үшін 15 миллион теңге жиналғаны айтылғанымен, ота жүргізілмеген.
Орынбековтың айтуынша, зардап шеккендердің барлығы Ілияс Сәриевтің көмегіне өз еркімен жүгінген. Алайда уәде етілген көмекті алмаған соң, олар полицияға шағымданған.
"Алаяқтықты дәлелдеу қиын, өйткені полицияның пікірінше, олар нақты зардап шеккендер болып саналмайды. Қор зардап шеккендердің емес, халықтың ерікті түрде берген ақшасына ие болған. Яғни, қайырымдылық жасағандар оны өз еркімен жасаған", — дейді ол.
Заңгердің айтуынша, Қазақстандағы қайырымдылық қорларының қызметі іс жүзінде реттелмеген. Мұндай ұйымдардың міндетті есептілігі де, мемлекеттік аудиті де жоқ.
"Олардың басты мақсаты — жазылушылардың сеніміне ие болу. Олар ешкімге есеп бермейді. Ар-ұжданы таза, адал жұмыс істейтін қорлар бар. Алайда Перизат Қайрат пен Ілияс Сәриевтің істері бұл саланың басқа қырын көрсетіп отыр. Мұндай ұйымдар ақша айналымын ұйымдастыру, қолма-қол ақшаға айналдыру және салық жүйесінен айналып өту үшін құрылады. Әсіресе ірі қорларға бұл тән", — дейді Орынбеков.
Еске салайық, “Biz Birgemiz” қорының басшысы Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деген күдікке ілінген еді.
Осыдан кейін Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 мәжбүрлі түрде таратылатыныбелгілі болды.

1 теңге салықтық қарызы үшін депозиттен ақшасын ала алмаған: Қазақстандық әйел банктен қаржы алу кезінде тап болған қиындығын айтты
