"Елес адамдар!": Шымкентте жүзден астам адам құжатсыз өмір сүріп жатыр
Шымкентте еліміздің ешбір дерекқорында жоқ жүзден астам адам жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүріп жатыр. "Сана сезім" заң орталығы мұндай азаматтардың кейде жылдар бойы төлқұжат ала алмайтынын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.
29 жастағы Дмитрий (өзін осылай атаған) осы уақыт бойы жігіт жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүрген. Бірнеше рет құжат жасауға тырысқанымен, онысы сәтсіз болған.
“Өзбекстаннан келдім, сол жерде тудым. Анам бір кездері сонда оқыған, негізінен Қазақстанның тумасы. 16 жасымда төлқұжат үшін мені халыққа қызмет көрсету орталығына жіберді. Бірақ Өзбекстанға бару үшін біраз анықтамалар керек болды. Мен құжаттарым жоқ болғандықтан, шетелге шықпаймын. Ал анама несиесі болғаны үшін шекарадан өтуге рұқсат бермеді”, – дейді Шымкент тұрғыны Дмитрий Чурсин.
Дмитрий төлқұжатсыз өмір сүрудің оңай емес екенін айтады. Себебі ресми түрде ол жұмыс таба алмайды. Тіпті некені тіркеуді армандайды. Алайда бұл да құжатсыз мүмкін емес. Тіпті ел ішінде көшу, билет сатып алу қиын. Мегаполисте осындай жүзден астам құжатсыз жүрген “елес адамдардың” бар екені белгілі болды. Бұл тек өз мәселесін ашық жариялағандар ғана.
“Шаруа қожалықтарын аралап жүріп, қожайындардың егіс алқабында жұмыс істедім. Қанша тырысқанымен, маған құжат рәсімдеуге ешкім көмектесе алмады. Менің құжаттарыма байланысты мұрағат өртеніп кеткен”, – деді тағы бір тұрғын Лидия Мухортова.
“Бұл өте қиын. Өйткені сіз ешкім емес болып қаласыз. Менің қалыпты жұмысқа орналасуға, тіпті қарапайым несие алуға құқығым жоқ”, – деді 30 жыл құжатсыз жүрген, кезінде әскери қызмет атқарған азамат Владимир.
Ол Кеңес одағы ыдыраған кезде құжатын жоғалтып алған.
“Құжаттары жоқ үшінші буын өкілдері деген үрдіс бар. Яғни бір кездері ата-ана Кеңес Одағының төлқұжатын жеке куәлікке ауыстыра алмаған, балаларында да құжат жоқ. Қазақстан Республикасының аумағында барлық адамдардың құжат немесе қандай да бір мәртебе алуы өте маңызды”, – дейді "Сана сезім" заң орталығының маманы Элина Еникеева.
Өткен жылы 255 азаматтың жеке басы анықталып, құжаттары рәсімделген. Мамандар барлық қажетті қағаздарды қалпына келтіру процесі өте көп уақытты талап ететінін айтады. Бірақ бұл – елдің ресми азаматы болып, заңды өмір сүрудің бірден-бір жолы.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
