Елена Рыбакинаның WTA рейтингінде үздік үштіктен шығу қаупі бар
29 жастағы америкалық теннисші Джессика Пегула Вашингтонда (АҚШ) өткен WTA-500 турниріндегі көрсеткен нәтижесі арқылы WTA рейтингінің үздік үштігіне оралады. Пегула 2022 жылғы Уимблдон чемпионы қазақстандық Елена Рыбакинаны үшінші орыннан жылжытады.
Қазіргі уақытта Рыбакина 5465 рейтингтік ұпаймен үшінші орында тұр, ал Пегула 5395 ұпайға ие.
Бұған дейін Пегула 4:6, 6:3, 6:4 есебімен 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы украиналық Элина Свитолинаны ұтып, Вашингтондағы турнирдің жартылай финалына шыққан болатын. Жарыстың финалына шығу үшін Джессика Грекия өкілі Мария Саккаримен ойын өткізеді.
Айта кетейік, Рыбакина Уимблдондағы өнерінен кейін WTA турнирлеріне әлі қатысқан жоқ. Қазақстандық спортшы Монреальда (Канада) өтетін WTA-1000 жарысына қатысуға дайындалып жатыр.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ