Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос турниріндегі алғашқы қарсыласы белгілі болды

Әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турниріндегі алғашқы қарсыласының есімін білді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

елена рыбакина

Франция ашық чемпионатында қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 146-орында тұрған 16 жастағы чехиялық Бренда Фрухвиртовамен өткізеді.

Б.Фрухвиртова – негізгі турнирге іріктеу сайыстарынан кейін жолдама алған теннисшінің бірі.

Ал Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцеваның келесі қарсыласы жеребе арқылы белгілі болды. Алдағы уақытта Путинцева рейтингте 88-сатыдағы бельгиялық Марина Заневскаяға қарсы ойын өткізеді. 

Талқылау