Елена Рыбакина "Уимблдон" турнирінің үшінші кезеңіне шықты
Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина "Уимблдон" турнирінің үшінші кезеңіне шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Getty Images
Елена Рыбакина Лондонда өтіп жатқан "Уимблдон" турнирінің екінші кезеңінде де жеңіске жетіп, үшінші айналымға шықты. Екінші кезеңде Германия елінің өкілі Лаура Зигемундке қарсы ойнаған отандасымыз үш сетте 6:3, 3:6, 6:3 есебімен басым түсті. Рыбакина үшінші айналымда әлемдік рейтингте 91-орында тұрған польшалық Каролина Возняцкиге қарсы ойнайды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасының ойыншысы Александр Бубликтің "Уимблдон" турнирін сәтті бастағанын жазған едік.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ