Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұят жеңіліс: Елена Рыбакина Токио Олимпиадасында сүрінді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасына қола жүлдесі үшін өткен матчта жеңіліп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сілтеме жасап. 

тенис

Елена кіші финалда әлемнің 6-шы ракеткасы, украиналық Элина Свитолинаға қарсы ойнаған болатын. 

Тартысты матчтың бірінші кезеңін 6:1 есебімен Рыбакина өз еншісіне жазды. Екінші сетте ойын тай-брейкке дейін жалғасып, қазақстандық спортшы 6:7 есебімен тізе бүкті.

Үшінші сетте Елена Рыбакина 4:1 есебімен алда тұрып, нәтижесінде 4:6 есебімен қарсыласқа жол берді. 

Осылайша, Елена Рыбакина қола жүлдеге қол жеткізе алмады. Десе де, Қазақстан теннисінің тарихында алғаш рет Олимпиадада төртінші орын иеленіп отыр. 

Талқылау