Елена Рыбакина Монреалда өтіп жатқан жарыстың жартылай финалына жолдама алды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Монреалда өтіп жатқан WTA турнирінің жартылай финалына өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ширек финалда Рыбакина 26 жастағы ресейлік Дарья Касаткинаны жеңді.
Алғашқы сетте Елена 5:7 есебімен жеңіліп қалды. Ал екінші сетте 7:5 есебімен басым түсті.
Үшінші сеттегі тай-брейкте Елена 4 матчболды жіберіп алған. Бірақ ойын қорытындысы бойынша 9:8 есебімен қарсыласын жеңіп кетті.
"Мүмкін емес! Монреалда түнгі 3-тің шамасында 3 сағат 27 минутқа созылған ойында Елена Рыбакиина Дарья Касаткинаны жеңіп, жартылай финалға өтті", – деп жазды WTA баспасөз қызметі.
Финалға жолдама алу үшін Рыбакина ресейлік Людмила Самсонованы жеңуі керек.
Талқылау