Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Қазақстанды жартылай финалға шығара алмады

Рейтингте төмен түстіФото: KTF

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен Билли Джин Кинг кубогының ширек финалында Қазақстан мен АҚШ құрамалары кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қарсыласудың тағдыры жұптық матчта шешілді. Қазақстан сапынан Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева кортқа шықса, АҚШ намысын Джессика Пегула мен Тейлор Таунсенд қорғады.

Екі сетке созылған ойында америкалық теннисшілер үстем түсті — 6:2, 7:6 (7:1). Осылайша, АҚШ құрамасы жалпы есепте 2:1 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Жекелей сындарда есеп тең болған еді. Алдымен Юлия Путинцева Эмма Наварромен өткен тартысты кездесуде жеңіліп қалды — 5:7, 6:2, 6:7(8). Кейін Елена Рыбакина Джессика Пегуланы сенімді ойынымен ұтып, есепті теңестірді — 6:4, 6:1.

Абылайхан Палмағанбет
Бейсенбі, 18 Қыркүйек, 2025 16:41
Талқылау