Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина Майами мастерс жарысының үшінші кезеңіне өтті

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына жолдама алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

елена рыбакина

Турнирдің 10-ракеткасы болып тіркелген Рыбакина доданы екінші айналымнан бастап, әлемдік рейтингте 64-орында тұрған ресейлік Анна Калинскаяға қарсы ойын өткізді. 

applewin

Қарсыластар осыған дейін 2019 жылы Плейфорд (Аустралия) финалында кездесіп,  алайда Калинская жеңіске жеткен еді.

Екі сағат 14 минутқа созылған тартысты матчта Елена Рыбакина 7:5, 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Сонымен қатар отандасымыз 14 эйс жасап, 13 брейк-пойнттың 5-ін пайдаланды. Ал Калинская 1 эйс, 4 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

Елена Рыбакина үшінші айналымда әлемнің 29-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен кездеседі.

Талқылау