Елена Рыбакина Қытайда өткен миллион долларлық турнирде жеңімпаз атанды
Фото: lenarybakina Instagram парақшасынан алынды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайда өткен Ningbo Open турнирінің кубогын жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы әрі әлемдік рейтингте 9-орында тұрған Елена Рыбакина рейтингте 10-орында тұрған ресейлік Екатерина Александровамен кездесті. Рыбакина үш сет нәтижесі бойынша жеңіске жетті — 6:3, 0:6, 2:6.
Турнирдің жүлде қоры 1 миллион 64 мың 510 доллар (572 миллион теңгеге жуық). Ал жеңімпаз Елена Рыбакина жеке өзі 164 мың доллар (шамамен 88 миллион 474 мың теңге) алды.
Сонымен қатар, бұл жеңіс Рыбакинаның кәсіби мансабындағы 10-шы WTA титулы болды. Оның ішінде екі WTA 1000 турнирінің және бір "Үлкен дулыға" – Уимблдон трофейі бар. Осылайша, ол жалғыз ойын түрінде мұндай деңгейге жеткен алғашқы қазақстандық теннисші атанды.
“Бұл мен үшін ерекше жеңіс. Әр титулдың өз тарихы бар, бірақ оныншысы символдық мәнге ие. Азия турнирлерін осылай аяқтағаныма қуаныштымын. Командама және Қазақстандағы жанкүйерлерге алғыс айтамын. Сіздер жердің арғы бетінде болсаңыздар да, әрқашан менімен біргесіздер”, – деді Рыбакина матчтан кейін.

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
