Елена Рыбакина Германиядағы WTA 500 турнирінде бақ сынайды
Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияда өтіп жатқан WTA 500 турнирінде өнер көрсетіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елена Рыбакина Германияда өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты. Турнирді екінші айналымнан бастаған отандасымыз ресейлік Вероника Кудерметоваға қарсы ойнап, екі сетте 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Енді Рыбакина ширек финалда әлемнің бірінші экс-ракеткасы Виктория Азаренкоға қарсы ойнайды. Осы матча жеңіске жеткен спортшы ресейлік Анна Калинская мен белоруссиялық Арина Соболенко жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Айта кетейік, бұған дейін Елена Рыбакина Францияның ашық біріншілігі "Ролан Гаррос" турнирінің ширек финалына дейін жеткен еді.
"Жарыңа деген сенімсіздік немесе бала-шағаңмен далада қалу": Неке шартына қатысты қазақстандықтардың пікірі екіге жарылды
Неке шартында балалар кіммен қалатыны жазылмайды, оны тек сот шешеді

