"Челси" жол апатынан қаза тапқан Диегу Жотаның отбасына сыйақы бөледі
Фото: The Times
Лондондық "Челси" Клубтық әлем чемпионатындағы жүлденің бір бөлігін Диогу Жота мен оның ағасы Андре Силваның отбасына аударады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Команданың жалпы жүлде қоры 11,4 миллион фунт стерлингті (шамамен 15,5 миллион доллар) құрады. Ойыншылар сыйақыны өзара бөлгенімен, оның бір бөлігін Жота мен Силваның туыстарына тең мөлшерде аудару келісілді.
Бұл шешім футболшылар мен клуб басшылығы тарапынан бірлесіп қабылданды. Ол отбасыға ауыр кезеңде қолдау көрсетуді және клубтың алаңда да, одан тыс та бірлігін білдіреді.
Еске салайық, 3 шілдеде Испанияның Самора қаласында болған жол апатында ағылшынның "Ливерпуль" клубы мен Португалия құрамасының ойыншысы Диогу Жота қаза тапты. Онымен бірге оның туған інісі Андре де өмірден өтті.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

