Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

елена рыбакина

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, еліміздің көшбасшы ойыншысы Елена Рыбакина бұрынғыша жетінші орында келеді.

WTA чемпиондық кестесінде Елена екінші сатыда тұр.

Әлемдік рейтингіде Юлия Путинцева 47-ден 45-ке көтерілді.

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 26-орнын сақтап қалса, Жанель Рүстемова 972-сатыға шықты.

applewin

WTA рейтингісі. 10 сәуірдегі нәтиже мынадай:

7 (0). Елена Рыбакина (Қазақстан) – 4305,

45 (+2). Юлия Путинцева (Қазақстан) – 1235,

427 (+14). Жібек Құламбаева (Қазақстан) – 112,

463(-10). Гөзал Айнитдинова (Қазақстан) – 96,

1111 (+24). Аружан Сағындықова (Қазақстан) – 10.

Талқылау