Елена Рыбакина әлемдік рейтингте рекордтық орынға көтерілді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингте рекордтық орынға көтерілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Мұндай өзгеріс әлемнің төртінші ракеткасы Тунис теннисшісі Онс Джабер Мадридтегі (Испания) 25 сәуір мен 6 мамыр аралығында өтетін WTA 1000 сериясы турнирінен бас тартқаннан кейін орын алды.
"Сонымен қатар Онстың өткен жылғы титулы үшін 1000 ұпайы шегеріледі. Демек ол WTA Live рейтингінде үш позициядан айырылып, жетінші орынға түсіп қалды. Бұл қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаға рекордтық позицияға көтерілуге мүмкіндік берді. Ол әлемдік рейтингте алтыншы орынға көтерілді. Бұған дейін оның ең жақсы жетістігі жетінші орын болатын”, – делінген жазбада.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді