Елена Рыбакина әлемдік рейтингте бірден 9 позицияға жоғары көтерілді
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп, WTA рейтингінде жоғары көтерілді. 25-ші орында тұрған қазақстандық спортшы көрсеткішін бірден 9 позицияға жақсартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта ол Әйелдер теннисі қауымдастығының Live-рейтингінің үздік 20-лығына еніп, онда 1945 ұпай жинап, 16-орынға тұрақтады.
Рыбакина мұндай нәтижеге Австралия ашық біріншілігінің 1/8 финалында әлемнің ең үздік теннисшісі Ига Свентекті жеңгеннен кейін қол жеткізді. Ол бірінші рет әлемнің бірінші ракетасын жеңді. Оның 10 үздік теннисшілерден 10 жеңісі бар. Қазақстандық "Үлкен дулыға" турнирінің ширек финалына үшінші рет шықты. Екі жыл бұрын "Ролан Гаррос" турнирінде сайысса, өткен маусымда "Уимблдонда" өнер көрсетіп, Лондонда чемпион атанды. Енді Қазақстанның бірінші ракеткасы латвиялық Елена Остапенкомен жекелей жартылай финалға жолдама күтіп тұр.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”