Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан турнирдің ширек финалына екінші рет жолдама алды
Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте өтіп жатқан "Мастерс" турнирінің ¼ финалына кәсіби мансабында екінші рет жолдама алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Рыбакина төртінші айналымда ресейлік теннисші Варвара Грачеваға қарсы ойнады.
Қазақстандық спортшы екі сет қорытындысы бойынша қарсыласын 6:3, 6:0 есебімен жеңді. Ойын 1 сағат 21 минутқа созылған. Отандасымыз 4 рет допты асыра беріп, 3 рет 2 еселенген қателік жіберді.
Айта кетейік, Рыбакина әлемдегі оныншы ракетка, қарсыласы Грачева WTA рейтингінде 66-орында тұр. Жартылай финалға жолдама алу үшін Елена Рыбакина чехиялық Каролина Муховамен күш сынасады. Матч 16 наурызда өтеді.
Индиан-Уэллсте өтіп жатқан турнирдің жүлде қоры 8 миллион доллар. Жеңімпаз 1,26 миллион долларды қанжығасына байлап, рейтингте 1 000 ұпайға ие болады.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн