Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина Абу-Дабидегі турнирде сынға түседі

Қазақстанның ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина Mubadala Abu Dhabi Open турнирінде өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open турниріндегі сәтсіздіктен кейін алғаш рет үлкен турнирде сынға түседі. Отандасымыз Абу-Дабидегі жарыстың алғашқы айналымында америкалық Даниэль Коллинзге қарсы ойнайды. Бұл қос спортшы арасындағы 4-ойын болмақ. Осы уақытқа дейін қарсыластар 3 рет кездесіп, 1 мәрте Коллингз жеңсе, 2 рет Еленаның мысы басым болған еді. 

Айта кетейік, Mubadala Abu Dhabi Open турниріне 32 спортшы сынға түсіп, 922 573 мың жүлдеқорын сарапқа салады.

Талқылау