Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Электр тогы өрт сөндірушілерге қауіп төндірген: Алматыда мейрамхананың шатыры жанды

Алматыда мейрамхананың шатыры жанып, өрт сөндірушілерге электр токтарының тұйықталуы қауіп тудырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет оқиға орнынан

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына бес автоцистерна мен екі баспалдақ жеткізілген. Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, көрші үй-жайлар мен ғимараттарды қорғай отырып, өрттің таралуына жол бермеу үшін кафе ішінен бастап сөндірілген. 

"Келген кезде "Modi Restoranchik" мейрамханасының шатыры өртеніп, ашық жалын болған жерлерде электр сымдары тұйықталғаны анықталды. Бұл өрт сөндірушілерге электр тогының соғу қаупін тудырды", - делінген хабарламада. 

Өрт сағат 23:25-те сөндірілген. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайларды жоюға 30 адам мен сегіз техника жұмылдырылды.

Талқылау