Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Электр сымдарын кәрізбен бірге тартқан: Алматыда тұрғындар шағын аудандағы құрылысқа шағымданды

Алматыда Қайрат шағын ауданының тұрғындары үйіне іргелес салынып жатқан құрылыс компаниясына наразылығын білдірді. Айтуларынша мердігер жоғары кернеулі электр желісін жер астындағы кәріз құбырының бойымен тартқан. Ал бұл тұрғындарға қауіп төндіріп тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ктк арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сюжеттен скриншот

Жангүл Нөпірова Қайрат шағын ауданында жеті жылдан астам уақыт тұрып жатыр. Айтуынша, көршілерімен бірге берекесін алған көпқабатты тұрғын үй кешенінің құрылысы жазда басталған.

“Мынау "А-строй" компаниясы тамыз айынан бастап сала бастады. Әу бастан бізге мәселе тудырып, басқаша бір әрекет жасап жатыр. Енді әлі де бізбен бірге келісімге келмей жатыр. Талабымыз — жоғары кернеулі кабельді шығарып, электр сымдарын басқаша тәсілмен қондырсын”, – деді тұрғын.

Кешен құрылысына мұндағы бүтін бір көше үзілді-кесілді қарсы. Тұрғындар компанияны қауіпсіздік ережесін орындамай отыр деп кіналады. Айтуларынша 10 киловольт жоғары кернеулі электр сымдары жер астынан кәріз жүйесімен қабаттастырыла жүргізілген. Егер кәрізден су кетсе тұрғындар электр тогының адамдарға қауіп төндіретінін жеткізді.



“Бізге орталық кәріз жүйесі тартылып жатыр. Қасымызда "Жас Қайрат" тұрғын үй кешені салынып жатыр. Құрылысшы – "А-Строй" мекемесі. Мердігері – "Береке Строй Групп”, – деді Марат Милушев.

Тұрғындар мәселені аудан шенділерінен бастап, архитектор мамандарға дейін хабарлаған. 

Алматы құрылысын бақылау басқармасы "Береке Строй Групп" ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Талқылау