Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Электр энергиясының өшуі байланысқа қалай әсер етеді

Соңғы кезде Қазақстанда электр қуатының үзілуі жиілеп кетті. Энергетика телеком үшін маңызды салалардың бірі. Себебі байланыс пен интернет жабдығы электр энергиясын үздіксіз қажет етеді. Мәселен, Tele2/Altel де электр қуатының өшуі кезінде түрлі кедергілерге тап болады. Алайда оператор тұтынушыларының қолайлылығы үшін желіні электр қуатымен қамтамасыз етуге тырысады.

Күнделікті су мен жарықтың келуі секілді смартфондағы ұялы байланыс та базалық станциялар арқылы таратылады. Одан бөлек, қалалық нысандар: бағдаршамдар, тұрғын үйлер, дүкендер, сауда орталықтары да электр энергиясын негізгі қуат көзі ретінде пайдаланады.

Осы тұста жабдықтаушы тарапынан электр қуаты үзілген жағдайда автономды қуат көздері бар кейбір базалық станциялар жұмыс істеуін жалғастырады. Алайда олардың қуаттары шектеулі. Себебі электр қуаты үзілген кезде, базалық станцияларға жүктеме артып, қоңыраулар мен Интернет сеанстары жоғарылай түседі. Ал бұл қосымша қуатты қажет етеді. Резервтік қуат шектеулі ресурс болғандықтан энергия ұзақ уақыт болмаған жағдайда базалық станция элементтері өшіріледі.

Өзге операторлар секілді Tele2/Altel де электр қуатының тұрақсыздығына (апат немесе жаппай электр қуатының сөнуі кезінде) байланысты желі жұмысындағы он мыңдаған күтпеген ақаулармен бетпе-бет келеді. Оператордың мәліметінше, соңғы уақытта мұндай жайттар жиі тіркеле бастаған. Бұл тек ауылды жерде емес, жаз айларының өзінде электр қуатының өшуі оператор желісінде 33 мың рет байланыстың әлсіреуіне әсер еткен. Былтырғы жағдаймен салыстырғанда тіркелген деректер саны биыл 17%-ға көп. 

Бұған қарамастан кей жағдайларда оператор өз қаржысына желіні электр қуатымен қамтамасыз етуге тура келеді. Ал бұл кең көлемді құрылыс жұмыстарын қажет етеді. Мысал ретінде жақында Тарбағатай ауылында жүргізілген жұмыстарды келтіруге болады. Мұнда Tele2/Altel Тарбағатай мен Аягөз қаласы арасында ұзындығы 70 шақырымға жуықтайтын радиорелелік желі салды. 

Бұған қарамастан операторға желіні өз қаржысы есебінен электр қуатымен қамтуға тура келеді. Ал бұл кең көлемді құрылыс жұмыстарын қажет етеді деген сөз. Мысал ретінде жақында желіге қосылған Тарбағатай ауылын қарастыруға болады. Мұнда Tele2/Altel Аягөз ауылы мен Аягөз қаласы арасында ұзындығы 70 шақырымға жуық 4 аралықтан радиорелелік желі салды. Кең көлемді байланыс арнасын тарту үшін оператор жол салып, қосымша электр желісін жүргізді. 

Телекомның электр қуатына тәуелді екенін байланыс сапасын талқылағанда ғана емес, тариф түзуде, желі құрылысы кезінде де ескерген абзал. Сондай-ақ жол картасын дайындағанда, жаңа аудан құрылысы кезінде немесе кез келген елді мекендегі жөндеу жұмыстарында қарастыру керек. 

Еске салайық, Tele2/Altel Қазақстан бойынша 5G желісін салу үшін көлемді жұмыс жүргізіп жатыр. Оператор желісінде қазірдің өзінде бесінші кезеңдегі 600-ден аса базалық станция жұмыс істеп тұр. 

Талқылау