Энергетика министрлігі электр энергиясын тұтынудың артуы уақыттың ауысуына қатысы жоқ деп санайды

Былтыр Қазақстанда бизнес пен өндірістің әсерінен электр энергиясын тұтыну 4% өсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың мәліметінше, бұл өсімнің көппәтерлі тұрғын үйлерге қатысы жоқ.
“Былтыр 2024 жылмен салыстырғанда тұтыну 4% артты. Өңірлер бойынша алсақ, Шығыс Қазақстан облысында тұтыну 1% өсті, Қызылорда облысында – 6%, ал Атырау облысында тіпті 13% жетті. Бұл халықтың тұтынуына тәуелді емес, бізде өнеркәсіп те, бизнес те дамып жатыр. Жалпы тұтыну көлемінде халықтың үлесі бар болғаны 10-12% ғана”, – деді ол.
Сондай-ақ, оның сөзінше, министрлік Шығыс Қазақстандағы тұрғын үйлердің энергия тұтынуын 2023, 2024 және 2025 жылдар бойынша тікелей салыстырған. Нәтижесінде айтарлықтай өсім анықталмаған.
“Бір жерде өсім 2% болса, бір жерде 2% төмендеу бар. Бұл үйдің қалай дайындалғанына, кірме жолдағы жарықтың қалай өшірілетініне байланысты”, – деді вице-министр.
Айта кетейік, бұған дейін биыл елімізде энергетика саласына 900 миллиард теңге инвестиция тартылмақ екені хабарланған еді.
"7 миллиард теңгеге жуық": Алматы әкімін қамтамасыз етуге премьер-министрден көп қаржы жұмсалады