Елдос Сметовтың мансабына қатысты күтпеген мәлімдеме пайда болды
Фото:Ijf.org
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Семейде өтетін дзюдодан ел чемпионатына қатыспайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан дзюдо федерациясының мәліметіне сәйкес, Елдос Сметов Қазақстан бірінішілігінде құрметті қонақ ретінде қатысады.
Осылайша Елдос Сметов Париж Олимпиадасынан бері екінші жыл қатарынан Қазақстан чемпионатында белдеспейді.
Кейбір ақпарат көздерінің хабарлауынша, даңқты спортшы 2026 жылдың қаңтар айынан бастап ұлттық құрамамен бірге жаттыға бастауы мүмкін.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты Семейде 10-13 қараша күндері аралығында өтпек. Дүбірлі додаға еліміздің 17 облысы мен 3 қаладан 20 құрама балуандары өзара мықтыны анықтайды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арқылы 2026 жылға арналған ұлттық құрама жасақталады.
Естеріңізге салсақ, өткен жылы чемпионат Ақтөбеде өткен еді. Алайда бұл сында үздік атанған отандық татами шеберлері биыл өткен әлем чемпионатында жүлде алған жоқ.
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?

