Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елдос "Колобок": Әкемді қылмыскерлер өлтіріп кетті

Әзілкеш, КВН-ші Елдос Қадірханов асқар тауынан ерте айырылған. Әзілкеш әкесі жайлы шындықты айтты. Ол әкесінің 10 жыл бұрын қылмыскерлер қолынан қаза болғанын ашық жеткізді. 

"Менің он жасымда әкем қайтыс болды. Ауырған адам емес. Кәсіпкер болатын. Ет бизнесімен айналысатын. Өзі білетін ортасы дұшпандық етті. Жау алыстан келген жоқ. Ақшасы барын білетін адамдар өлтіріп кетті. 500 мың теңге ақша үшін адам өлтіруге барған. Қылмыскерлер өзі аралаысп жүрген ортасы болып шықты. Ол кезде 500 мың ақша 5 млн теңге секілді құны бар еді ғой", - деді Елдос Зарина Мүслімге берген сұхбатында. 

Әзілкеш адамның ортасы жақсы болғанына терең мән береді. Анасы да үнемі араласып жүрген ортасының жақсы адамдар болуын талап етеді екен. 

"Менің өз ортам жақсы. Достарым адал. Сынымызды да, мінімізді де айтып отырамыз. Сын айтса ғана түзеледі. Адамның ортасы жақсы болу керек", - деді әзілкеш. 

Актердің отасқанына біршама уақыт өтсе де әлі балалы болмай келеді. Жүрегіндегі бір өкініші сол. 

"Өзіміз күліп жүрсек те, ішіміз қан жылайды. Бала асырап алуға дайынбыз. 4 жыл болды бала сүйе алмай келеміз. Бірде әйелімді жұбатамын, бірде ол мені жұбатады. Бармаған дәрігер, емшіміз жоқ, Медицина дамығанымен Алла осындай сынақ беріп жатыр. Сабырмен күтеміз. Бала асырап алуға да дайынбыз", - деді Елдос. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр