Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елдің дауына айналған атышулы қазақстандық “Келін” фильмі Үндістанда көрсетілмек

«Қазақфильм» АҚ түсірген  кинотуындылар Үндістандағы Керала штатының астанасы Тируванантапурама қаласында 9-ы мен 16-ы желтоқсан аралығында өтетін 21-Халықаралық үнді кинофестивалінде «Қазақстанға назар салу» бағдарламасы аясында көрсетілетін болады.

3_34057

Фестиваль шеңберінде «Қазақфильм» киностудиясының әр жылдары түсірілген фильмдері көрсетіледі, атап айтсақ: «Келін» (реж. Тұрсынов), «Шал» (реж. Тұрсынов), «Студент» (реж. Өмірбаев), сондай-ақ  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша «САҚ» студиясы түсірген «Қазақ елі» анимациялық фильмі (реж. Дәуренбеков). Сонымен қатар, фестиваль шеңберінде Серік Апрымовтың «Аңшы» және «Бауыр» фильмдері көрсетіледі. Бұл картиналарды үнді көрермендеріне режиссердің өзі таныстыратын болады.

Айта кететін жайт, Серік Апрымов фестивальдің халықаралық қазылар алқасының құрамына кіріп,  бельгиялық режиссер Мишель Хлейфи (қазылар алқасының төрағасы), Үндістанның театр және кино актрисасы Сима Бисвас, ирандық актриса Баран Косари және фестивальдің бағдарламалар директоры Педро Пиментамен бірге фестивальдің үздік фильмін анықтайтын болады.

1996 жылдан бері өткізіліп жатқан Халықаралық үнді кинофестивалі Үндістанда өткізіліп жүрген маңызды мәдени іс-шаралардың бірі. Байқауды Керала штатының Мәдениет министрлігінің қолдауымен «Chalachitra» киноакадемиясы ұйымдастыруда. Фестиваль Халықаралық кинопродюсерлер ассоциациясы федерациясында 1999 жылы тіркелген болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық Интерпол өкілдігінің экс-басшысы қайынатасымен үй үшін соттасуда

Қазақстандық боксшы сынған қолымен жекпе жекке шығып, қарсыласын жеңді

Әлемдегі пәктігін сақтаған ең қарт қария нәпсіні тыюдың сырын айтты

Талқылау