AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Елдің баласы етіп тәрбиеледі": Әбдіжаппар Әлқожа әкесіне жантебірентерлік жазба арнады

Әбдіжаппар Әлқожа әкесінен көрген тәрбиесі жайлы сөз қозғады. Сөзінше, асқар тауы бала кезінен оны "елдің баласы" етіп тәрбиелеуге тырысқан. Жастайынан өзге елдің президенттері мен министрлерін танып, астаналарын жаттап өскен әнші соның арқасында халықтың ұлына айналдым деп отыр. Әлқожа әкесінің туған күніне орай оған жантебірентерлік жазба арнады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бала кезімнен әкемнің баласымын деп мақтанып айтып жүремін.
Мені әкем тәрбиеледі. Әлі есімде теледидардан жаңалықтарды бірге көріп, бірге талқылайтын едік.

Біздің ауыл шекарада болғандықтан, бірінші Қазақстанның, сосын Өзбекстанның жаңалықтарын қатар көріп алып, соңынан отырып талқылайтынбыз.

Бірімізге Каримов жақсы, бірімізге Назарбаев дұрыс. Өзара талқылау.
Әкемнің мақтауы арқылы барлық мемлекеттің президент, министрлерін танып, астаналарын жатқа айтып, кішкентай болсам да, сол елдердің әл-ауқатымен танысқым келетін. Сосын әкем достары келгенде мақтанып айтып беретін едім.

Басқа елдерді өзіміздің елмен салыстырып, кіп-кішкентай болып алып көрші елдердің президенттің қателігін түзейтін едім.



Әрине сөзбен ғана. Басқалай да шара жоқ. Қазір қарасам, әкемнің тарбиесі, қайрауы, еркелетіп ынтамды елді ойлауға ашқаны, барлығы елдің баласы болуыма әрекеті екен ғой. Елді ойласын, адамдар арасында адам болсын деген тәрбиесі екен.

Менің әкем мен үшін ең жақсы адам! Ең жақсы ұстаз! Адамның адамы.
Арманымның орындалуының негізі, батагөйім, абызым әкем. Келіп жеткен жаңа жасыңыз құтты болсын!

Еркетайыңыздың 80-ге келгенін көріңіз өз көзіңізбен. Алладан ғұмырыңызды тілеймін Әбекем", - деп жазба қалдырды әнші желідегі парақшасында.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр