Халықтың сынына қалған Дәурен мен Ақбота жаңа үйге көшетіндерін айтып, сүйінші сұрады (фото)
Соңғы бірнеше айдан бері ел аузынан түспей жүрген жұлдызды жұп Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбет жаңа үйге көшуге дайындалып жатыр.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Ақбота мен Дәурен “Гламур для дур” фильмінің түсірілім алаңында танысты. Бір-бірін ұнатып табысқан жұп ақырында табысты. Біраз елді шулатты. Себебі Ақботаның жүкті екені белгілі болғанда өзін Дәуреннің заңды жұбайымын деп таныстырған Баян Әкімжанова ел алдына шықты. Instagram-да парақша ашып, Дәурен екеуінің некесін растайтын куәлікті, одан қалса үш баласын көрсетті. Ақботаны “үш баламның әкесінен айырды” деп айыптады. Алайда КешYou-дің экс-әншісі бұл ақпаратты жоққа шығарып, болашақ жарының шоу-бизнеске мүлдем қатысы жоқ екенін айтты.
“Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам” демекші, Ақбота мен Дәурен жасыруға қанша тырысып бақса да, екеуінің үйленгені елге жария болды. Ал енді тойлары атап өтілмеген жас жұбайлар жаңа үйге көшіп, қоныс тойын тойламақ.
Дәурен мен Ақбота үйге қажетті құрал-жабдықтар мен жиҺаздарды түгендеумен айналысып жүргендерін жасырмайды.
Жіберіп алмаңыз:
Қайрат Нұртасты полиция “ұстап алды”
Ернар Айдар дертіне дауа іздеп Кореяға бармақ