Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елдер арасындағы шекара мәселесі тек бейбіт жолмен шешілуі тиіс - Тоқаев

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдер арасындағы шекара мәселесі тек бейбіт жолмен шешілуі тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Токаев Астана саммит 2022

"Тұрақсыздыққа алып келетін тағы бір фактор – өңірдегі жекелеген елдер арасындағы шекара мәселесінің реттелмеуі. Шекара проблемасы ғасырлар бойы қалыптасқан достық, өзара сенім және тату көршілік негізінде, сондай-ақ халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының қағидаттарын мүлтіксіз сақтау арқылы тек бейбіт жолмен шешілуге тиіс", - деді Тоқаев жұма күні өткен "Орталық Азия – Ресей" саммитінде.



Президент жаңа қауіптердің алдын алудың және оларға дер кезінде ден қоюдың тиімді құралдарын әзірлеу қажет деп есептейтінін жеткізген.

"Біз халықтарымызды араздауға бағытталған кез келген әрекетке қарсы тұра білуіміз керек. Тарихи-мәдени құндылықтарымыздың мызғымастығын қамтамасыз ететін бірлескен шаралар кешенін дер кезінде қабылдауға тиіспіз. Біздің елдеріміздің жастары арасындағы байланысты нығайту, білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту кезек күттірмейтін міндет", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Талқылау