Елдегі үш облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның үш облысында 1 қараша сағат 21:00-ден 2 қараша 21:00-ге дейінгі аралықта дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазгидромет"РМК-не сілтеме жасап.
2 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақ, кей жерлерде тұман күтіледі.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман болжануда. Түнде көктайғақ болуы мүмкін. Көкшетау қаласында түнде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Сонымен қатар, 2 қарашада Қостанай облысында тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде.
Дауылдың ықтималдығы 90-95%-ды құрайды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”