Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елде жәрдемге мұқтаж жандар көп, біз өзге елге көмектесудеміз: Актер елбасыға үндеу жолдады (видео)

Қазақстандық актер Мейіржан Төребаев елдегі ахуалды айтып, елбасыға үндеу жолдады.

Көпшілікке актер ретінде, әзіл вайндар арқылы танылып жүрген Мейіржан Төребаев еліміздегі ауру балалардың жай-күйін айтты.

“Дайректе менен көмек сұрайтын адамдар көп. Ата-аналар ауру балаларына көмек сұрайды. Мен қарапайым адаммын. Менің қолымда көпшіліктен көмек сұраудан басқа ешнәрсе келмейді. Елімізде қанша ауру бала бар. Бәрінің еміне ақша керек. Оны халық жинап береді. Емді шетелден алады. Менің анам да емделу үшін Өзбекстанға барып жүр. Қазақстанда дұрыс дәрігер жоқ па? Жоқ болса, басқа жақтан шақыртуға болмай ма?”, – дейді актер.

Мейіржан Төребаев елдегі ахуалды реттеу үшін елбасыдан көмек сұрады.

“Қазақстан Қырғызстанға, Өзбекстанға, басқа елге көмектесті деп жатады. Елде жәрдемге мұқтаж қанша адам бар. Парақшамда көмек сұрайтын адамдарға толып кетті. Осы жайтты ескере отырып елбасыдан көмек сұраймын”, – дейді Мейіржан Төребаев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 26 Қараша, 2018 08:25
Талқылау