Қазақстандықтардың 73,24%-ы референдумда дауыс берді

Орталық референдум комиссиясы сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы жайлы кезекті деректерін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 126 850 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 73,24 пайызына тең.
“Орталық референдум комиссиясы Қазақстан Республикасындағы барлық референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталғанын хабарлайды. Учаскелік комиссиялар дауыстарды санауға кірісті. Қолданыстағы заңдар нормаларына сәйкес референдум учаскелерiнде дауыстарды санау уақыты дауыстарды санау басталған сәттен бастап, он екі сағаттан аспауы тиiс”, – делінген хабарламада.
Ал аймақтар бойынша көрсеткіш келесідей:
- Абай облысы 75,45%
- Ақмола облысы 79,82%
- Ақтөбе облысы 87,05%
- Алматы облысы 71,46%
- Атырау облысы 74,04%
- Батыс Қазақстан облысы 68,94%
- Жамбыл облысы 85,06%
- Жетісу облысы 78,49%
- Қарағанды облысы 84,30%
- Қостанай облысы 81,21%
- Қызылорда облысы 93,04%
- Маңғыстау облысы 77,89%
- Павлодар облысы 75,51 %
- Солтүстік Қазақстан облысы 70,52%
- Түркістан облысы 84,03%
- Ұлытау облысы 73,15%
- Шығыс Қазақстан облысы 86,42%
- Астана қаласы 60,36%
- Алматы қаласы 33,43%
- Шымкент қаласы 75,82%.
Осылайша дауыс беру көрсеткіші бойынша 93,04%-бен Қызылорда облысы алда, ал Алматы тұрғындары ең төменгі көрсеткіш көрсетті (33,43%).
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"