Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елде күркетауық еті тапшы болмақ: Құс фабрикасы жабылу алдында тұр

Қазақстандық дүкендерде енді күркетауық болмауы мүмкін. Өйткені бір құс фабрикасы жабылайын деп жатыр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Almaty TV арнасына сілтеме жасап.

Елде бұл өнімді тек екі зауыт шығарады. Олардың бірі Павлодар облысында. Алайда ол жабылу алдында тұр. Себебі құс өсірушілер субсидия алмайды. Субсидиясыз кәсіпті жалғастыру қиын дейді.

Павлодардағы құс фабрикасы 2020 жылдан бері жұмыс істейді. Күркетауық өсіреді. Өнімдердің басым бөлігі қазақстандық нарыққа, ал төрттен бір бөлігі ғана экспортқа кетеді. Кәсіп иелерінің айтуынша, олардың кәсіпорны күніне 30 тоннаға дейін ет өндіре алады, бірақ қуаты жеткіліксіз. Субсидиялар қажет.

“Бүгінгі таңда субсидиялау базасы 2023 жылға іске қосылмаған және өтінімдерді қабылдамайды, өйткені субсидиялау ережелері жоқ. Субсидиялаудың жаңа ережелері қалай әзірленетініне байланысты база іске қосылады”, – деді құс фабрикасының заңгері Арслан Аманов.

Кәсіпкерлердің айтуынша, субсидия алу үшін мұнда жылына 20 мың тоннаға дейін өнім өндірілуі керек. Бірақ бұл нақты талаптар емес.

“Инкубациялауға болады, бүгінде ол инвестицияны, әлі де белгілі бір қаржыны қажет етеді. Өйткені ол арқылы өндірісті ұлғайтуымыз керек”, – деді құс фабрикасының директоры Ербол Досыбаев.

Құс өсірушілер одағында Қазақстанда тек екі зауыт күркетауық етін дайындайтыны айтылды. Біреуі оңтүстікте, екіншісі солтүстікте. Бұрын оларға бір кг-ға 200 теңге мөлшерінде субсидиялар берілген, бірақ кейін бұл норма жойылды. Ал күркетауық халық арасында сұранысқа ие. Енді тек бір зауыт жұмыс істесе, құсты шетелден сатып алуға тура келеді және әлдеқайда қымбатқа шығады.

Бұл жабылса, импортталған күркетауық етін жейміз. Олар инъекция жасайды, әр түрлі қоспалар қосылып, ГМО, антибиотиктер қолданылады. Мұздатылған ет жейміз. Ал Ордабасы өндіретін өнім таза, экологиялық балғын бидаймен өсіреді, қоспасыз тамақтандырдық. Оның қырық пайызын бұрын мәскеуліктер алатын, қазір Мәскеуден қоңырау шалып, Қазақстаннан күркетауық етін сұрап жатады”, – деді Қазақстан құс өсірушілер Одағының президенті Руслан Шәріпов.

Павлодар шенеуніктері күркетауық өндірушісінің проблемалары туралы білетінін айтты. Олардың айтуынша, министрлікте субсидия алу үшін өндіріс нормасы жылына бес мың тоннаға дейін төмендеуі мүмкін жоба бар.

Құс фабрикамызды қолдау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігіне Павлодар облысының әкімдігі АӨК субъектілері шығыстарының бір бөлігін өтеу – инвестициялық субсидиялау жөніндегі қағидаларға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар жолдады. 15-ші паспорт бойынша, құс етінің көлемін жылына  20 мың тоннадан бес мың тоннаға төмендету мүмкін”, – деп мәлімдеді Павлодар облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының инвестицияларды тарту және талдау бөлімінің басшысы Мөлдір Болатова.

Кәсіпорын енді өз ақшасына дами алмайды. Сонымен қатар құс фабрикасы 150 ауыл тұрғынын жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.

Талқылау