Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елде күнбағыс майының бағасы 20% қымбаттады

Елде күнбағыс майының бағасы 20 процентке қымбаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

500 мың тоннадан аса өнім жиналғанына қарамастан, Өскеменде майдың бағасы екі есеге өскен. Жауаптылар бұған күнбағыс құнының шарықтауы себеп дейді. Келісі 120 теңгеден саудаланған күнбағыс қазір 170 теңгеге дейін көтерілген. Сонымен 375 теңгеден сатылған өсімдік майы қазір шығыстағы кейбір дүкендерде 600 теңгеден саудаланып жатыр.

Бұдан бөлек, елде электронды техниканың да құны 2,5%-ке қымбаттауы мүмкін. Бағаның өсуіне техниканы импорттаушыларға салынатын қосымша квази салық себеп болады, дейді кәсіпкерлер.   

Талқылау