Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елде бір тәулікте 159 адамның пневмониямен ауырғаны белгілі болды

2020 жылғы 15 қазанда тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 159 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 82 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 35 393, 374 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28 060 жетті.

STAN.KZ
Бейсенбі, 15 Қазан, 2020 08:11
Талқылау