Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы Тасмағамбетовті Ресейге жіберуінің себебін айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Иманғали Тасмағамбетовтің қызметінің ауысуына байланысты пікір білдірді.

Назарбаев Тасмагамбетов-040217

«Тағы бір үлкен ауыс-түйіс орын алды, Ресейдегі Қазақстан елшісі қызметінен босатылды. Марат Тәжин президент аппаратына өтті. Осыған орай, менімен бірге көп жылдар бойы қызмет еткен Иманғали Тасмағамбетовті Қазақстан елшісі етіп тағайындадым. Ол өзі дәл осы қызметке, нақ осы Ресейдегі елшілікті басқаруға сұранды. Меніңше, бұл жақсы шешім, себебі Мәскеу біздің ең басты серіктесіміз, жақын көршіміз бен одақтасымыз. Ол жерде беделді, Қазақстандағы және Ресейдегі жағдайды білетін адам отыруы тиіс. Мен осының барлығы біздің ісіміздің, еліміздің игілігіне жарайды деп ойлаймын», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Есте болса, президенттің ұйғарымымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясынындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев әкімдердің жалқаулығын сынады

Назарбаев мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру әдісін тапты

Назарбаев Денсаулық сақтау және Білім беру министрлігін тексеруді тапсырды

Президент: Қысқартылған шенеуніктер неге орнында отыр?

Талқылау