Елбасы ҚР Үкіметінің жаңа құрамын бекітті
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы» Жарлық
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Мыналар:
Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов ‑ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов ‑ Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
Дәурен Әскербекұлы Абаев ‑ Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі;
Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев ‑ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;
Тамара Босымбекқызы Дүйсенова ‑ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі;
Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек ‑ Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі;
Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов ‑ Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Арыстанбек Мұхамедиұлы ‑ Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;
Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев ‑ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;
Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев ‑ Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2016 жылғы 13 қыркүйек
№ 324
Жіберіп алмаңыз:
Иманғали Тасмағанбетов ҚР премьер-министрінің орынбасары болды
Қорғаныс министрі қызметін Сәкен Жасұзақов атқарады