Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы: Орыс тілділер үшін кириллица қолданыста қала бермек

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» агенттігінің тілшілеріне сұхбат берді. Елбасы рухани жаңғыру үдерісіне қатысты өзекті сұрақтарға жауап беріп, конституциялық реформадан күтілетін нәтижелер жөнінде айтты. Сондай-ақ, елбасы отандық туризмді дамытудың перспективалары мен өңірлердегі мәдени-туристік кластердің қалыптасуы және латын әліпбиіне көшу туралы ойын айтты.

0a98842408b698da0eeb456c2550951d_L

Бұл туралы 24.kz хабарлады.

«Латын әрпіне көшкенде, біз орыс тілінен қашып кетейін деп жатқан жоқпыз. Алыпқашпа сөзбен осыны кейбір саясаткерлер айтады. Әсіресе орыс тілінде. Әліпби – қазақтың тіліне байланысты мәселе. Ғылым менен техниканың көзі орыс тіліне көп аударылған. Барлығынан ажырап қалсақ, біз байымаймыз, кедейленеміз. Қазақстанның орыс тілді халқы үшін кириллица қолданыста қала бермек. Бұл – үлкен мәселе. Үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Жақында бір-екі мәтінін қарайтын боламын. Осыған шұғылданып жүрген ғалымдарды, тілмаштарды – барлығын жинап, солармен отырып, бір жобаға тоқтайтын боламыз», – дейді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Жіберіп алмаңыз:

Ақмола облысының бұрынғы әкімінің ұлы Алматы қаласының аудан әкімі болды

Есімов елбасыға ЭКСПО аяқталған соң нысандарды қалай пайдалануға болатынын айтты

Елімізде полицейлерге қызметтік көлігінің терезесін тұмшалауға тыйым салынды

Болашақ көлігі: Қазақстандықтар электросамокат пайдалана бастады

Талқылау