Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы әзіл айтып Германия президентін күлдірді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге ресми сапармен келген Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті. Ара-тұра қалжыңдасудан бас тартпайтын елбасы бұл кездесуде де әзіл айтып қалды.

1f394346207b528ea9c0236105882e4d

Сөз басында Мемлекет басшысы елімізге ресми сапармен және ЭКСПО-ға арнайы келген Германия президентіне алғыс айтып, Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың нығая беретініне сенім білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәртебелі мейман да қонақжай қазақ еліне ризашылығын  айтты.

“Мен Қазақстанға алғаш рет келіп отырған жоқпын. Бірақ президент ретінде тұңғыш рет сапар жасап отырмын.  Бұл елге келуге себеп көп, сіздің еліңізді білемін, бұрын танысқанмын. Бірақ биылғы жыл біз үшін ерекше, өйткені екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 25 жыл”, — деді Штайнмайер.

Ол осы уақытта екі елдің экономикалық, саяси және мәдени ынтымақтастығы дамып, нығая түскенін атап өтті.

“Астанада өтіп жатқан ЭКСПО көрмесіне неміс компаниялары мен ұйымдарының белсенді қатысуы осы жемісті ынтымақтастықтың бір көрінісі болып табылады. Көрмедегі Германия күніне менің сапарымның дөп келуіне өте қуаныштымын. Мен сізді герман павильонын аралауға шақырғым келеді, бірақ сізді…”, — дей бергенде Елбасы:

“Маған шақыру қажет емес шығар”, — деп әзілдеді. Бұл қалжыңға екі президент те риясыз күліп алды.

“Сондықтан менің сізге алғысым шексіз. Мен біздің елшілік сізді баяғыда шақырып қойғанын білемін. ЭКСПО мен Германия павильонын бірге тамашалау мүмкіндігі үшін сізге рахмет айтамын”, — деді сөзін жалғаған Германия президенті.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанға ресми сапармен Германия президенті келді.  Франк-Вальтер Штайнмайер Германия президенті болып 2017 жылы 19 наурызда сайланды. Ол әр жылдары Германия вице-канцлері, Сыртқы істер министрі болып қызмет еткен.

Тағы да оқыңыз:

4-сынып оқулығы қазақты үш жүзге бөліп тастаған

Ақтөбе облысында жерленген адамның үстіне әйел адамды көміп кеткен

Гүлназ есімді жезөкше бұл кәсіпті не себепті таңдағанын айтып берді

Талқылау