Елбасы батыстың демеушілік ететін Telegram арналары мен Instagram парақшалары туралы айтты
Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА-ның онлайн-сессиясында Беларусь елінде, Ресейде және Қазақстанда қоғамға кері ықпалы тиіп жатқан Telegram арналары мен Instagram парақшалары туралы айтты.
"Егер сіз күн сайын қоғамдағы бейбітшілік үшін күреспесеңіз, тұрақтылықты сақтау мүмкін болмайды", - деді елбасы.
"Біз мемлекеттік қоғам негіздерінің сыртынан шайқалуына жол бермеуіміз керек - бұл мемлекеттің міндеті, сонымен қатар әр азаматтың міндеті. Мысалы, қазіргі цифрлық мүмкіндіктер барлық резонанстық оқиғалар туралы ақпаратты жедел таратуға алып келеді. Интернет-ресурстар, барлық арналар - Telegram арнадары және Instagram парақшалары. Беларусь еліндегі әлеуметтік жағдайды төмендетуге негіз болды. Олар Ресейде де, Қазақстанда да жұмыс істейді. Бірақ егер қоғам мықты әрі біртұтас болса, бізді ешкім жолдан адастыра алмайды. Олар мемлекеттің ішкі істеріне араласа бастады - олардың өз мүдделері үшін Батыстан қаржыландыратын демеушілері бар. Біздің міндетіміз қырағылық", - деді Назарбаев.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Назарбаевқа ҚХА-да жаңа мәтебе беруді ұсынды. Назарбаев өзінің ҚХА төрағасы ретіндегі өкілеттіктерін Тоқаевқа өткізіп жатқанын айтты. Осыған дейін Назарбаев қазақ тілін үйренгісі келетіндерді қолдау қажет екенін айтқан еді.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
