Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұшағы ең қымбат лайнерлер тізіміне кірді

Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұшағы ең қымбат лайнерлердің тізіміне енді.

назик

Чартерлік тасымал бойынша әлемдік көшбасшы Air Charter Service компаниясы әлем лидерлері қатынайтын әуе кемелерінің тізімін жария етті,-деп жазды Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

Сонымен, ең қымбат лайнер Катар Әмірі Тамим бин Хамад Әл Таниде екен. Бағасы 1,5 миллиард доллар. Екінші орында, Эйр Форс ұшағының иесі Дональд Трамп.

Ақ үй қожайынының әуе кемесі 1 миллиард доллар тұрады екен. Ал, үшінші орындағы  Ресей президенті Владимир Путин мінетін лайнердің құны 500 миллион доллар.

Ангела Меркель 300 миллион долларлық лайнермен қатынаса, Францияның экс-президенті Франсуа Олланд 270 миллион АҚШ валютасы тұратын Эйрбасты қолданады. Алтыншы орынға бірден төрт ел көшбасшыларының ұшағы жайғасқан.

Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың нөмірі бірінші борты. Қазақстан президентінің лайнерімен бір сатыда Қытай басшысы Си Цзиньпинь, Британия премьері Тереза Мэй және Бахрейн патшасы Хамад ибн Иса Әл Халифаның ұшақтары жайғасқан.

Оқи отырыңыз:

Назарбаев Түркия мен Ресейдің арасындағы алауыздықты қалай жойды?

Назарбаев Ресей мен Украина басшыларын ымыраға келуге шақырды

Елбасы билікті қайта бөлу туралы заңға қол қойды

Ақтөбелік келіншек «құлағыңызда құмырсқа жүр» деп әжейдің алтын сырғасын шешіп алған

7 тіл меңгерген қазақ қызы Италиядағы әйгілі университетте сабақ беріп жүр

Талқылау