Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға тарихи жүлде сыйлаған Ербол Хамитовке Астанадан екі бөлмелі пәтер сыйға берілді

Ербол Хамитов Фото:ҰПК

Паралимпиада ойындарында тарихи алтын мен қола жүлде жеңіп алған Ербол Хамитов елге оралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айтулы жеңісінен кейін спортшыны әуежайда бір топ жанкүйер ерекше ыстық, ықыласпен қарсы алды.

Салтанатты іс-шара барысында чемпионға Астана қаласынан екі бөлмелі пәтер сыйға берілді.

Ербол Хамитов Фото:Stan.kz

Осыдан кейін Ербол Хамитов барша жанкүйерлерге және қазақ еліне алғысын білдірді.

Айта кетейік, Ербол Хамитов XIV Қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына биатлоннан алтын жүлде салды. Сондай-ақ жарыстың алғашқы күнінде шаңғы жарысының 1500 метрлік классикалық спринт дисциплинасында қола жүлдеге ие болған.

Ақерке Өмірхан
Сейсенбі, 17 Наурыз, 2026 03:43